31-10-19 |
1600 рет қаралған
Статистика комитеті: Елде бір қызметкердің айлығы 200 мың теңгеге жуық.
Статистика комитеті: Елде бір қызметкердің айлығы 200 мың теңгеге жуық

2019 жылғы IІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 191129 теңгені құрады, ал ең төменгі жалақы білім саласы қызметкерлерінде деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитеті.

Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 118,1%, ал нақты жалақы индексі 112,0% құрды.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 484,6 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,5 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 418,0 мың теңге (2,2 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 334,1 мың теңге (1,7 есеге асты), құрылыс саласында – 257,7 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы білім қызметкерлерінде белгіленді – 122,1 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 36,1 %-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 361,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 122,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,8%-ға төмен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.