01-11-19 |
2700 рет қаралған
Енді елдегі пайдаланылмай бос тұрған жерлерді онлайн тексеруге болады.
Енді елдегі пайдаланылмай бос тұрған жерлерді онлайн тексеруге болады

Қазақстанда пайдаланылмай бос тұрған жайылым және егіндік жерлерін тексеруге болатын космомониторинг ашылды.

Мониторингте көрсетілгендей елде 48 473 пайдаланылмаған жайылым жерлдері бар, олардың жалпы көлемі – 55 754 392 га болса, ішіндегі іске аспай тұрған жер аумағы – 33 751 629 га екен. Оның ішінде Маңғыстау облысында – 87,44%, Қостанайда -80,66%, Павлодар облысында – 74,66% жайылым жері бос жатыр.

Ал егіндік жерлерге келер болсақ, 26 мың га-ға жуық егіндік жердің – 4 526-і бос жатыр, олардың көлемі -981 819 га екен. Облыстарға шаққанда әсіресе еліміздің батыс өңірі егіндік жерлерін дұрыс пайдалана алмай жатқан көрінеді, себебі: Маңғыстау- 59,93%, Атырау-58,72%, Батыс Қазақстан- 28,17%-бен рейтингті бастап тұр.  Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында ешқандай пайдаға аспаған егіндік жер жоқ екен.

Ал Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жайылым да, егіндік үшін де бос жатқан ешқандай жер жоқ.

Мониторингті төмендегі сілтеме арқылы көруге болады:

https://lands.qoldau.kz/kz/lands-map/unused-pastures?fbclid=IwAR2QVA_bzztoLQoc3J3NKVBCFZhdVvZ00zwnAkqaZlAZfWqDkKNddNUlo8Q

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.