Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қытай тарапымен этникалық қазақтарды босату туралы келіссөздердің алдын ала қорытындысын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Министрдің айтуынша, азаматтардың мүддесін қорғау үшін қазақстандық және қытайлық тараптардың келіссөзін жүргізуге ешқандай кедергі жоқ.
«Сәуірде делегаттарымыз Қытайға екі рет сапар жасады. Қазақстанның 12 азаматына байланысты мәселе көтерілді, олар ҚХР-да ұсталған еді. Қытайлық тарап ҚХР азаматтығынан шығу процедурасын бұзды деп айыптаған. Келіссөздердің қорытындысы бойынша 12 адамның тоғызы босатылды. Қалған үш азамат бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді министр үкімет отырысының үзілісінде.
Әбдірахмановтың айтуынша, азаматтардың құқығын қорғау бойынша жұмыстарға Қазақстанның ғана емес, басқа елдердің де дипломатиялық қызметі жұмылған.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024