05-11-19 |
4090 рет қаралған
Динагүл Тасова Петропавлда өткен сән көрсетілімінде тағы да ашық киімімен шықты.
Динагүл Тасова Петропавлда өткен сән көрсетілімінде тағы да ашық киімімен шықты

Төсін жалаңаштап, подиумға шыққаны үшін дауға қалған қазақстандық модель Динагүл Тасова Петропавлда өткен сән көрсетілімінде тағы да көзге түсті.

Петропавл қаласында жергілікті дизайнерлердің сән көрсетілімі өтіп, Gewand сән үйінің көйлектерін киіп шыққан Динагүл Тасова өзінің подиумдағы бейнесін инстаграм парақшасына салыпты. Ол өзін Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы шақырғанын жазған екен.

«Кеше Петропавл қаласында «Petro Fashion Event» өтті! Бұл Петропавл қаласы дизайнерлерінің алғашқы көрсетілімі. Көрсетілімге 5 жергілікті дизайнерлер және
26 жергілікті модельдер қатысты. Мені Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы шақырды. Ерекше ықылас пен қонақжайлылық үшін рахмет! Ұйымдастыру жағы астанадан еш кем түспейді!!! Керемет фотосессия үшін рахмет», -деп жазыпты Динагүл Тасова желідегі парақшасында.

Даулы модельдің желідегі бір бейнесін 16 мыңнан астам адам көріп, 250-ден артық оқырман пікір білдірген.

Петропавлда өткен сән көрсетілімінде Динагүлден басқа да төсін жалаңаштаған модельдер болған.

Еске салсақ, елордада жастар мәслихатының депутаты болған, модель Динагүл Тасова былтыр подиумға төсін жалаңаштап шығып, көпшілік тарапынан сынға ұшыраған. Сол оқйғадан кейін, ол өзін бес жыл кездескен жігіті сабап тастағанын айтқан болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.