08-11-19 |
2870 рет қаралған
Плагиат дауына қалған вице-министр қызметінен кетеді.
Плагиат дауына қалған вице-министр қызметінен кетеді

Плагиат дауына қалған білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қызметінен кетеді. Бұл туралы министрліктің арнайы өкілі Ерболат Мұхамеджан хабарлады.

«Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде» деді министрлік өкілі.

Білім және ғылым министрлігінде биыл күзде плагиат дауы шығып, министрліктің әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің бұрынғы директоры Анар Қайырбекова вице-министр Фатима Жақыпованың ғылыми жұмысының көп бөлігі плагиат тек 40 пайызы ғана таза деген еді. Вице-министрдің өзі мұны ақпараттық бопса деп мәлімдеген. Осы даудан соң көп ұзамай Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан педагогика унинверситетінің ректоры болып тағайындалды. Ал кеше министрліктегі вице-министрдің плагиат дауы сенатта сөз болып, сенатор Еділ Мамытбеков вице-министр елді алдады деп айыптап, прьемер-министрден Фатима Жақыпованың мәселесін шешуді сұраған еді. Сенатордың айтқаны дереу орындалып, министрлік «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» деген сырғытпамен вице-министрді қызметінен босатып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.