20-11-19 |
1370 рет қаралған
Тараздағы оқиға: Айыпталушы бұрын да зорлық үшін істі болып, жазасын шартты түрде өтеген.
Тараздағы оқиға: Айыпталушы бұрын да зорлық үшін істі болып, жазасын шартты түрде өтеген

Тараздағы мектептердің бірінде оқушы қызды зорлады деп айыпталып отырған азамат бұрын да осындай азғындық әрекеттер үшін істі болған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Азғындық жасады деп айыпталған азамат 36 жаста. Оның 19 жыл бұрын ұрлық емес, зорлық үшін істі болғаны анықталды.

Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық ПД бастығы:

– Аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысымен сотты болған. Төрт жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жыл шартты түрде өтеген.

Телеарнаның жазуы бойынша оқу орнында әлі де мекеме қызметкерлерін жұмыстан босатып жатыр. Бұған дейін оқушының әжетханада зорлануынан кейін мектеп директорының орынбасары мен екі қызметкер жұмыстан қуылған еді. Енді білім ошағы басшысының өзі жылы орнымен қош айтысты.

Гүлзира Дәрібаева, Жамбыл облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Жауапкершілік алынбайды деген сияқты. Соған байлынысты осындай жұмыстағы өзінің қызметкерлеріне жіті қадағалауды тапсырмағандықтан, жауапкершілік жүктеліп, жұмыстан босатылды.

Ал жәбірленуші бұдан былай мектепке келмеуі мүмкін. Себебі, оның психологиялық қысымға ұшырауы ықтмал. Сондықтан жеткіншектің жанын жараламас үшін шенділер үйінде оқыту жайын қарастырып жатыр.

Өткен жұма күні Таразда 7-ші сынып оқушысына мектеп әжетханасында азғындық жасалған. Күдікті екі сағаттан кейін қолға түсіп, қамауға алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.