фото: ktk.kz
«Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаев партияның сайлауалды бағдарламасын әзірлеуді прьемер-министр Асқар Маминге тапсырды. Мұны партия төрағасы 25 қарашада партияның аймақтардағы филиал өкілдерімен өткен жиналыста айтты.
«Мәжіліс сайлауына «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасына қатысты айтсақ, оны саяси кеңес бюросының мүшесі ретінде прьемер-министр өзі басқаруы тиіс. Қазірден бастап бағдарламаны жасауды қолға алу керек». Назарбаевтың бұл сөзін оның оң жағында отырған партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек естігенде қандай күйге түскені бір өзіне мәлім. Осы жерде «сайлауалды бағдарламаны Назарбаев неге Байбекке емес, Маминге сеніп тапсырды?» деген заңды сауал туындайды. Бірден ойға оралатыны, әлбетте, әкімшілік ресурс. Яғни сайлауалды бағдарламаны прьемер-министр басқарып жасаса, оған үкіметтің бар күшін қосары анық. Ал елдегі бүкіл әкім «Нұр Отан» партиясының мүшесі әрі аймақтардағы жетекшілері екенін ескерсек, әкімшілік күш партияның өз қолында да тұр. Демек Мамин істейтін шаруаны Байбек те тындыра алар еді. Бірақ, неге екені белгісіз партия төрағасы сайлауалды бағдарламаны бірінші орынбасары емес, прьемер-министрге тапсырды. Бұл жерде бір гәп бары анық. Неде болса алдағы сайлау Байбек үшін үлкен сынақ болғалы тұр.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
26.11.2024