фото: akorda.kz және prezident.uz
Әлеуметтік желіде экс-президент, елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың Өзбекстанға сапары қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары билік жоққа шығаратын қос билік көріністері уақыт өткен сайын анық көрініс тауып келе жатқанын жазысып жатыр.
Н.Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші кеңесіне Өзбекстан президенті Шавкат Миризеевтің шақыруымен барған. Жиын барысында Назарбаев бірнеше ұсыныс айтты. Оның бірі – 15 наурызды Орталық Азия мемлекеттері күні деп атау.
Халықаралық саяси іс-шара Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші кеңесі деп аталатындықтан оған Орталық Азия елдерінің қазіргі президенттері барды. Тек Қазақстан атынан президент Қ.Тоқаев емес, экс-президент Н.Назарбаев қатысты. Міне, осы нәрсе желі қолданушылар арасында тағы да қос билік туралы әңгімені қоздатуға себеп болды.
Бұған дейін Қ.Тоқаев әкімдер мен министрлерді және басқа жоғарғы мемлекеттік лауазымға тағайындалатын адамдарды қауіпсіздік кеңесінің келісімімен тағайындайтын жарлыққа қол қойып, жарлық қоғамда үлкен талқыға түскен. Сол кезде президент кеңесшісі Ерлан Қарин бастаған бірқатар лауазым иелері қос билік жоқтығын мәлімдеген. Қазақстанда қос билік жоқтығын Назарбаевтың өзі де бірнеше рет айтқан. Алайда, саясаттағы жүрістер, яғни бірінші президент пен екінші президенттің түрлі сапарлары, қабылдаулары қоғамға басқа картинаны көлденең тартып, қос билік туралы күдікті сейілтпей тұр.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024