04-12-19 |
950 рет қаралған
Елде азық-түлік бағасын 9,7% өсті.
Елде азық-түлік бағасын 9,7% өсті

2019 жылғы қарашадағы азық-түлік тауарларының бағасын Статистика комитеті жариялады.

Комитеттің мәліметтері бойынша, баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2019 жылғы қараша 2018 жылғы қарашаға) 9,7% өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады.

2019 жылғы қарашада жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 300 теңгені (2018 жылғы қарашада – 248 теңге), сұлы жармасына – 350 теңгені (322 теңге), сөкке – 370 теңгені (230 теңге), күрішке 385 теңгені (317 теңге) құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2019 жылғы қарашада килограмына 199 теңгені, 2018 жылғы қарашада 244 теңгені құрады.

2019 жылғы қарашада сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1592 теңгені (2018 жылғы қарашада – 1592 теңге), қаймаққа – 1102 теңгені (1051 теңге), айранға – 293 теңгені (284 теңге), пастерленген сүтке 250 теңгені (225 теңге) құрады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.