«Нұр Отан» партиясы жобасына сәйкес, кезекті ІТ-орталық Оңтүстік Қазақстан облысында ашылды. Бұған дейін мұндай орталық Атырау, Павлодар облыстарында да ашылған еді.
Оңтүстік Қазақстан облысын орталығы – Шымкентте IT- орталықтың ашылу салтанаты өтті. Азаматтардың цифрлық сауаттылықтарын арттыруға, білім беру саласын жетілдіруге бағытталғын IT- орталық «Нұр Отан» партиясының «IT-мамандарды дайындау» жобасы аясында іске асты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында орналасқан IT-орталық заманауи 16 компьютер, жоғары жылдамтықтағы интернет, қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған.
– Бүгін алғашқы IT-орталық аштық. Орталықта IT саласына қатысты қажетті ақпараттар, түрлі қызметтер ұсынылып, мамандар оқытылып, жаңа технологиялармен қамтамасыз етілетін болады. Бұл өз кезегінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттырады, – дейді облыс әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев.
Орталықтың ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы басшылығы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры және оқытушалыры, облыстық білім басқармасының басшылығы, орталықта оқуға келген мұғалімдер, партия филиалының қызметкерлері және де БАҚ өкілдері қатысты.
– ІТ-орталық халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың әлемдік ірі жобаларға қатысатын бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасайды, – дейді «Нұр Отан» партиясының өкілі.
Онтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының мәліметіне сәйкес, 2018 жылы құны 4 млн. 900 мың теңгені құрайтын, 3200 оқушыны қамтитын 20 сынып, ал 2019 жылы 8100 оқушыны қамтитын 30 ІТ-сынып ашу жоспарлануда. Ол сыныптарда ІТ-орталықтарда білімін жетілдірген мұғалімдер сабақ беретін болады.
Жалпы жобаның мақсаты – IT-мамандарды дайындау, білім беру саласын жетілдіре түсу. Осы жоба аясында алдағы үш жылда елімізде жұмыс беруші ІТ-компаниялар мен ірі жоғары оқу орындарының базасында 20 ІТ-орталық ашылып, жылына 35 мың адамға білім беру жоспарланған.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024