Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Олардың қатарында«Бөбек» балалар қорының президенті, бірінші ханым Сара Назарбаева «Отан» орденімен марапатталып, танымал әнші Димаш Құдайберген, ғалым Асқар Жұмаділдаевқа«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді, ал Роза Рымбаева «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды.
Наградалар өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлеріне берілді.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін Роза Рымбаеваға берілді. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Тұрсынбек Макишевке де берілді.
«Отан» орденімен жазушы И.Жақанов, «Alageum Electric» холдингтік компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы С.Қожабаев, Ақтөбе облысы «Казхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры В.Тиль, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары А.Бисембаев, І дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов, ғалым және қоғам қайраткері Ә.Ахметов, жазушы Т.Әбдікұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК бас ғылыми қызметкері М.Мырзахметұлы, «Бөбек» балалар қорының президенті С.Назарбаева, опера әншісі Б.Төлегенова, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ мұғалімі Р.Әзімбаева, ақын М.Айтхожа, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғ.Есім, мемлекетаралық су шаруашылық үйлестіру комиссиясы жанындағы Су шаруашылық мәселелері бойынша ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры Н.Қыпшақбаев, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен ақын, «Сәкен Сейфуллиннің мұражайы» МКҚК директоры Н.Айтұлы, Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті Қ.Беркінбаев, тарихшы М.Қойгелдиев, Парламент Сенатының депутаты Т.Мұқашев, жазушы Қ.Салғараұлы және басқалар марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде белгілі әншілер Т.Асар мен Д.Құдайберген, ғалым А.Жұмаділдаев, киноактер Н.Есімғалиев, дирижер Р.Салаватов, балет әртісі Н.Семенова және басқалар бар.
Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Парасат» орденімен бағаланды. Олардың арасында «Шымкент қалалық орыс драма театры» МКҚК басшысы И.Вербицкий, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ төрағасы Ж.Ерманов, «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК профессоры С.Қасқабасов, «Ақтөбе металл құрастыру зауыты» ЖШС директоры Қ.Қойлыбаев, Солтүстік Қазақстан облысы «Ақселеу» ЖШС директоры С.Малаев, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ профессоры Қ.Сәбденов, «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» КММ әртісі К.Темірбайұлы, қоғам қайраткерлері Е.Сакенова мен Е.Тарасенко, Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Өтешов, «М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» МКҚК солисі С.Шакрат, Қарағанды облысы «Алтай Полиметалы» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Р.Юн бар.
ІІ дәрежелі «Достық» орденіне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешендер және ингуштер қауымдастығы басқармасының мүшесі Ю.Келигов, айтыс ақыны Ә.Қалыбекова, «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ төрағасы А.Халиков, Қарағанды қаласы «LITUANICA» ҚБ төрағасы В.Тварионас және басқалар ие болды.
«Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында ақын О.Әбділдаев, Түркістан облысы «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» КММ мұғалімі Ү.Әбдиев, «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК доценті А.Әбиденқызы, Ақмола облысы «Алтындән» ЖШС директоры Қ.Байзақов, Алматы қаласы «Қазақстан дүнгендерінің қоғамы» ҚБ төрағасы А.Войнце, «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК солисі Г.Дәуірбаева, Қостанай облысы «Мелитопольское» ЖШС директоры Э.Двуреченский, танымал боксшы В.Демьяненко, «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ оқытушысы Ш.Имашев, Қызылорда облысы «Еңбек жер» ЖШС директоры Ш.Ысқақов, Петропавл қаласы «Кардиологиялық орталық» КМК бас дәрігері А.Мағзұмов, Шымкент қаласы «Болашақ» № 66 балабақшасы» МКҚК меңгерушісі Т.Мартыненко, «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС механизаторы А.Назин, әнші С.Нұрмағамбетова, «Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының директоры, Қазақстан Республикасының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі А.Саин, «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Ү.Сейтімбет, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК кафедра меңгерушісі Ә.Төлеубаев, Нұр-Сұлтан қаласы «Наз» мемлекеттік би театрының директоры С.Сраилов, Қарағанды қаласы «Жас сұңқар» спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Е.Шынкеев бар.
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 72 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды, атап айтқанда, Ақмола облысы «Хлебороб» ЖШС механизаторы М.Боранбаев, Маңғыстау облысы «Жайлау» ЖШС бас шопаны Е.Өтесов, «ҚТЖ Жүк тасымалдау» АҚ филиалы Жамбыл пайдалану локомотив депосының жөндеушісі Н.Хомутенко және басқалар.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024