Президенттің кеңесшісі, саясаттанушы Ерлан Қарин ақын Олжас Сүлейменовтің президент Қ.Тоқаевпен кездесуде Алматы қаласының атауын Алма Ата деп өзгерту жөніндегі ойын айтқанын телеграм каналында жазды.
«Олжас Сүлейменов оңтүстік астананың атын өзгерту идеясының жақтасы екені баяғыдан мәлім. Алайда оның бұл идеяны президентпен кездескенде кезекті рет айтқанына қарап, президент ол идеяны қолдайды деуге болмайды.
Президент биыл қазанның 29 да қала активінің отырысында шегелеп айтқандай, Алматының өзекті мәселелерін шешу керек деп есептейді. Президент мұндай маңызды мәселелер [ қала атауын өзгерту идеясын меңзеп отыр] кабинеттерде емес, азаматтардың пікірін есеркемей, яғни қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымын есепке алмай шешілмейді деп біледі» деп жазады Ерлан Қарин.
Сөйтіп Алматы мен Алма-Ата атауы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, фейсбуктің қазақ сегменті Сүлейменовтің идеясына қарсы жазбалар жазуда. Әсіресе, белгілі бір дәрежеде Ақорда жақтан шығатын дүниелерді әлеуметтік желіде желпінтіп көрсететін кейбір адамдар қарапайым қолдаушылардан қарағанда белсендірек. Осыған қарағанда әлеуметтік желіде осы тақырыпты барынша жалаулату, жұрт назарын бұру туралы ауызша тапсырма бар сыңайлы. Мұны бір деңіз. Екінші бір нәрсе: телеграм каналындағы кейбір топтар Алматы мен Алма Атаның қайсысын қолдайсыз деп сауалнама жүргізіп жатыр. Мәселен, қоғамдық-саяси мәселелерге көп контент беретін, 11200 жазылушысы бар «Дикая Азия» дейтін телеграм каналаның анонимді сауалнамасына дауыс берген 704 адамның 53% Алматының Алма Атаға өзгеруін қолдаса, 21% қарсы екендерін білдірген. Бұл әрине, Алматы тұрғындарының пікірі емес. Десе де қала атауының өзгеруін қалайтындардың қарасы көп екені ойланатын жайт. Біздіңше, Алматының Алма Атаға өзгеруін қалайтындар негізінен советтік санадан арылмаған, қоғамның орыстілді бөлігі болуы ғажап емес. Бұл әрине, жай болжам ғана.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024