20-12-19 |
2570 рет қаралған
Қытай жұмысшыларын сабады делінген бес қазақтың соты басталды.
Қытай жұмысшыларын сабады делінген бес қазақтың соты басталды

фото Ғалым Ағелеуовтың фейсбук парақшасынан алынды

Алматы облысы Ақсу ауданының аудандық сотында Алматы облысында жол салып жатқан қытайлық «Citic Construction» компаниясының Қытайдан келген жұмысшыларымен төбелесті делінген Қызылағаш ауылының бес тұрғынының соты басталды.

Оларға Қылмыстық кодекстің «қару я суық қару қолданып денсаулыққа зиян келтіру» (293 баптың 3-тармағы) бабы бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл туралы Азаттық жазады.

Сотқа қатысқан белсенділердің айтуынша, сотқа өте көп адам келгендіктен, сот залына сыймай қалған. Істі судья Жадыра Зарықпаева қарап жатыр.

31 арнаның 20 желтоқсандағы кешкі жаңалықтарында айтылғандай, жәбірленушілердің саны 24 адам. Оның 21-і қытай жұмысшылары болса, үшеуі Қазақстан азаматтары. Соңғы үш жәбірленушінің бірі – полицей. Алайда сотқа жәбірленушілердің ешқайсысы келмеген.

Адвокаттар күдіктілерді қамаудан үйқамаққа ауыстыру немесе кепілмен босатуды сұраған. Бірақ судья өтінішті қанағаттандырмаған.

Келесі сот отырысы 24 желтоқсанда өтпек.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.