фото: видеодан алынған скриншот
Кеше, яғни 20 желтоқсанда Алматы облысы Ақсу ауданының аудандық сотында «Citic Construction” компаниясының Қытайдан келген жұмысшыларымен төбелесті делінген Қызылағаш ауылының бес тұрғынының соты басталғаны туралы жазған едік.
Сотқа Алматыдан барып қатысқан құқыққорғаушы Ғалым Ағелеуов фейсбуктегі парақшасында сот барысынан бірнеше видео жариялаған. Видеоның бірінде құқыққорғаушы Ғ.Ағелеуов күдікті азаматтарды сөзге тартқан. Күдіктінің бірі: «Сот әділ өтеді деп сенеміз. Біз ешқайда қашпаймыз. Негізі үйқамаққа жіберу керек еді. Жібермей отыр. Бәріне көнеміз. Шыдаймыз. «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді». Халық үшін істедік бәрін» дейді.
Естеріңізге салайық, 20 желтоқсанда өткен сот отырысы жәбірленуші тараптың өздері немесе өкілдерінің келмеуіне байланысты кейінге шегерілді. Істі қарап жатқан Жадыра Зарықпаева келесі сот отырысы 24 желтоқсан күні сағат 10:00 да өтетінін айтты.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024