27-12-19 |
2210 рет қаралған
Алматыдағы ұшақ апаты: Fokker 100 ұшағымен бұған дейін қанша апат болды?.
Алматыдағы ұшақ апаты: Fokker 100 ұшағымен бұған дейін қанша апат болды?

Бүгін Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы апат болып, көптеген адам қаза тауып, жарақат алды. Деректер бойынша аталған ұшақ моделімен 2019 жылдың 20 шілдесіне дейін әлемде 16 апат болған. Осы апаттарда 183 адам қаза тапты. 

Өкінішке қарай бұл ұшақпен соңғы екі апат Қазақстанда тіркеліп отыр. 2016 жылы 27 наурызда Астанада 121 адам отырған ұшақ апатты жағдайда қонған. Шассидің алдыңғы тірегі босатылмай апатты жағдайда жерге қонды. Ол кезде жапа шеккендер болған жоқ.

Енді міне бүгін, 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Адам шығыны бар.

Fokker 100 ұшағымен болған ірі апаттарының бірі 1993 жылы Македонияның Скопь әуежайында болған.  1993 жылы 5 наурызда  Palair Macedonian Airlines компаниясының Цюрихқа бағыт алған әуе кемесі әуеге көтерілгеннен кейін көтеру күшін жоғалта бастаған, сөйтіп құлады. Апаттан 83 адам қаза тауып, 14 адам тірі қалды. Ұшақтың құлау себебі – ұшақ қанаттарының мұзға қатып қалуы болған.

1996 жылы 31 қазанда Бразилияда әуеге көтерілгеннен кейін 25 секунд өткенде тағы бір Fokker 100 ұшағы құлаған. Ол жақын маңдағы ғимаратқа соғылып, 95 адам қайтыс болды, олардың 4 ұшақ ішінде емес, сыртта жүрген адамдар болған.

Fokker 100 ұшағын 1997  жылы шығаруды тоқтатқан. Бүгін аталған ұшақты ұшыруды елімізде уақытша тоқтатты.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.