30-12-19 |
1020 рет қаралған
«Үй болмағанда ұшақ аман қалар еді» – bek air өкілі.
«Үй болмағанда ұшақ аман қалар еді» – bek air өкілі

Бүгін bek air компаниясы өткізген баспасөз мәслихатында компания өкілдері 27 желтоқсанда Алматы маңында болған ұшақ апатының себептерін өздерінше топшылады. Компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов үй болмағанда ұшақ аман қалар еді деген пікір айтты.

-«Ұшақтың жобасын жасағанда үймен соғылады деп жасамайды. Ондай болса ол ұшақ емес, танк болады. Үйге соғылғанға дейін ұшақ бүтін болған. Үй болмағанда ұшақ та, адамдар да, бәрі де аман болар еді», -деді компания басшысы.

Ал бұзылған үйдің шығындарын өтеп бересіздер ме деген журналистердің сұрағына:

-«Бір шартымыз бар. Егер үйдің құжаттары түгел болса бұзылған коттедждің шығындарын өтеп береміз»,-деді мекеме басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.