06-01-20 |
1100 рет қаралған
Ұшақ апатынан зардап шеккендер ауруханадан шығарылады.
Ұшақ апатынан зардап шеккендер ауруханадан шығарылады

27 желтоқсанда Алматы маңында апат болған Bek Air ұшағынан зардап шегіп, ауруханаға түскен адамдардың қазір жағдайы қалыпты. Жақын күндері олар медициналық мекемелерден үйіне жіберіледі деп мәлімдеді денсаулық сақту вице-министрі Олжас Әбішев.

«Зардап шеккендердің бірін Нұр-Сұлтан қаласына санавиациямен алып келді. Себебі дәрігерлер консилиумда осындай шешімге келді. Оған травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында ота жасалды.

Айта кету керек, қазіргі таңда апаттан жапа шеккендердің жағдайы жақсы. Ешбіреуінде нашарлау болған емес. Жуық арада үйлеріне жіберілмек. Бүгінгі таңда олардың жағдайы қалыпты, дәрігерлердің жіті қарауында, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.