10-01-20 |
900 рет қаралған
Ұшақ апаты: Әуежайға жақын жерлерге үй салуға заңсыз рұқсат берген лауазымды тұлғалар анықталуда.
Ұшақ апаты: Әуежайға жақын жерлерге үй салуға заңсыз рұқсат берген лауазымды тұлғалар анықталуда

Bеk air ұшағының құлау себебін анықтау үшін құрылған коммиссияның болжамдарын Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында  Қазақстан Республикасы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтып берген еді. Баспасөз мәслихатында ол ұшақ соғылған тұрғын үй туралы да сөз етті.

«Алматы облысы коррупцияға қарсы коммитеттің Алматы маңындағы Талғар ауданына қарасты әуежайға жақын жер учаскелерін заңсыз сату фактісі бойынша сот алды тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Анықталғандай 2015- 2019 жылдары Талғар ауданында лауазымды тұлғалар өзінің құзіретін асыра пайдаланып, әуежайдың санитарлы қорғалған аймағында жекеменшік қосалқы шаруашылық жүргізуге және тұрғын үй құрылысын салуға заңсыз шешім шығарған. Санитарлы ережеге сәйкес сантитарлы- қорғау шекарасы аумағына жаңадан тұрғын үй саулуға, бақша отырғызуға немесе жекелеген саяжай тұрғызуға рұқсат етілмейді. Сосын, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қайшы іс жүргізу ережелеріне сәйкес 2011 жылы 11 мамырда №504 Үкімет қаулысында ұшу жолағынан ең жақын нүктеден төрт километр жерде кез келген биіктіктегі барлық объектілер мен электр тасымалдау және байланыс желісін салуға әуежайдың келісімі талап етіледі. Бірақ мұндай келісім жасалмаған. Тергеу кезінде кінәлі құзырлы тұлғалар анықталып, жауапқа тартылатын болады», -деді Роман Скляр Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.