Әлемде қандай да дамубен бірге түрлі қауіп-қатерлер де қатарласа жүретін белгілі. Мәселен, ақпараттық технологиялардың алға басуымен қатар оған төнетін жаңа қауіптерде шықты. Мысалы, хаккерлік шабуыл. Мұндай шабуылдардан әлемдік экономикаға жыл сайын миллиардтаған шығын келеді. Ол аз десеңіз, азаматтардың жеке бас деректері, қаражаттары қолды болып жатады. Бұл қауіп мемлекеттің ақпараттық технологиялық, экономикалық және қаржы саласындағы қауіпсіздігіне де алаңдаушылық туғызады. Осындай әлемдік жағдайды ескере отырып, президент Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жолдауында үкімет пен ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру және іс-шаралар легін қабылдауды тапсырғаны белгілі. Сөйтіп, президент тапсырмасына орай, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан киберқалқаны» тұжырымдамасын жасап шыққан еді. Жалпы тұжырымдама белгіленген жұмыстарды іске асыру екі кезеңге бөліп қарастырылған. Мәселен, тұжырымдамада 2017-2018 жылдарда іске асырылатын жұмыстарға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы белгіленген талаптарды сақтаудың толық құқықтық қолдану практикасы қалыптастыру, білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарға ревизия жүргізу, ақпараттық қауіпсіздік саласында даярланатын мамандардың саны мен сапасы арттыру, осы салада жұмыс істеп жүрген қазіргі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қамтамсыз ету; отандық зерттемелер жасауда өнеркәсіп пен ғылым арасындағы өзара іс-қимыл мен кооперациялаудың тиімді схемасы бір жолға қою көзделген. Қазіргі уақытта бірінші кезеңге жоспарланған жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған дейін тұжырымданы іске асыруға бағытталған қырық бір шара жасалды. Және ең маңыздысы, киберқауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау ісіне көңіл бөлініп, мемлекеттік гранттар саны өсті. Киберқауіпсіздік бір жылдың емес, мың жылдың мәселесі екенін ескерсек, «Қазақстан киберқалқаны» тұжырымдамасы дер шағында қабылданған шара деуге болады.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024