17-01-20 |
3170 рет қаралған
Мейрамбек Бесбаевқа Зағипа Балиева қысым көрсетіп жатыр ма?.
Мейрамбек Бесбаевқа Зағипа Балиева қысым көрсетіп жатыр ма?

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев 15 қаңтарда Қазақстан орындаушылар одығының басқарма төрағасы болып сайланған еді. Ол бүгін одақтың бұрынғы басшылығы мен депутат Зағипа Балиева тарапынан қысым жасалып жатқаны туралы instagram парақшасында жария етті.

«Құрметті Зағипа Яхияқызы!
Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы – құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды. Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз! Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын боп жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа. Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!» деп жазады М.Бесбаев.

View this post on Instagram

Қадірлі бауырлар! Құрметті әріптестер, достар! Өздеріңізбен бөлісетін маңызды жаңалығым бар. Бүгін өнерде жүрген барша әріптестерім ұсыныс жасап, бірауыздан дауыстарын беріп, мені Қазақстан орындаушылар одағы (КОУПИС) басқарма төрағасы етіп сайлады. Біраз жұрт біледі, қазіргі таңда бұл қоғамдық ұйымның қаржылық жағдайы нашар, біраз құрылымдардың алдында қарызы бар, әншілер мен ән өндеушілердің алдында беделі де төмендеп кеткен. Бірлестік тарихындағы осындай ауыр кезеңінде әріптес-достарым мені басшы қып сайлап отырғаны – маған сенгенінен деп қабыдап отырмын. Әрине, мұндай ұйымға жетекшілік ету маған үлкен жауапкершілік артатынын мен жан-дүниеммен жақсы сезініп әрі түсініп отырмын. Мен ешқашан басшылық қызметке ұмтылған адам емеспін. Мұны бір сахнада жүрген әріптестерім мен қадірлі тыңдармандарым да жақсы біледі. Менің мақсатым – ұйымның жұмысын жақсарту арқылы қазақтың төл өнерін дамыту, өнерде жүрген әншілердің құқықтарын қорғап, тиісті шаруаларын шешу боп отыр. Маған сенім білдірген әріптестеріме мың алғыс айта отырып, болашақтың алдында жүзіміз жарық болу үшін, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын! Бірлік бар жерде, алынбайтын асу жоқ, шешілмейтін мәселе жоқ. Сол себептен, қазақ өнерінің дамуы үшін тізе қосып, бірлесе қызмет етейік демекпін.#М_Б

A post shared by 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev) on

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.