18-01-20 |
1490 рет қаралған
Зағипа Балиева: Мейрамбек Бесбаевпен сөйлестім.
Зағипа Балиева: Мейрамбек Бесбаевпен сөйлестім

Депутат Зағипа Балиева әнші, Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрамбек Бесбаевпен сөйлесіп, әншінің instagram парақшасында өзіне қарата жазғандарына қатысы жоқтығын айтқан. Бұл туралы  tengrinews.kz жазады.

«Мейрамбекпен сөйлестім. Ештеңе білмеймін, қатысым жоқ. Күні бойы телефон соқтым, тұтқаны көтермеді. Кейін әлеуметтік желіде сөйлестік. «Неге жала жабасың? Бір нәрсе істеп жатқанымды қайдан көрдің? Құжаттардың бәрін көріп алып, маған телефон соқпайсың ба?» дедім. Енді келістік, ол ертең құжаттардың бәрін қарайды, анықтап алады, қажет болса, сосын тағы бір пост жазады» депті Балиева агенттік тілшісіне.

Бұған дейін Мейрамбек Бесбаев Қазақстан орындаушылар одағының бұрынғы басшылары және Зағипа Балиева тарапынан қоқан-лоққы жасалып, қысым көрсетіліп жатқанын жазған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.