20-01-20 |
1170 рет қаралған
Бұзақының қолынан қаза тапқан полицейді Тоқаев «Айбын»орденімен марапаттады.
Бұзақының қолынан қаза тапқан полицейді Тоқаев «Айбын»орденімен марапаттады

Бір отбасының өміріне қауіп төндрген бұзақыны құрықтау кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Д.С.Базарбаев мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.

«1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», -деп Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысын президент баспасөз қызметі жариялады.

Еске салсақ, Қостанай облысының Тобыл қаласында Патрульдік полиция экипажы отбасылық жанжалға байланысты түскен қоңырау бойынша жедел оқиға орнына барған. Тобыл қаласындағы екіпәтерлі үйдің бір бөлігінде бұрындары сотталған 28 жастағы жігіт тұрған, ал екінші жартысында оның әпкесі күйеуі мен баласымен тұрған. Мас күйде бұзақы оларды өлтіремін деп қорқытқан. Ол пышаққа жүгірген уақытта, туыстары есікті жауып, полицияға қоңырау шалған. Дархан Сыздықов бұзақыны қарусыздандырған, алайда өзі кеуде тұсынан жарақат алғанын білмей қалған. Бұзақының туыстары қауіпсіз екеніне көз жеткізген уақытта ғана, ол өзінің жарақатына назар аударған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1995 жылғы сержанттың қайтыс болғанын айтқан. Полицейдің төрт айлық баласы қалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.