23-01-20 |
1260 рет қаралған
Назарбаев Тоқаевтың көмекшісіне реформаны аяқтауды тапсырды.
Назарбаев Тоқаевтың көмекшісіне реформаны аяқтауды тапсырды

Елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, экс-президент Н.Назарбаев президенттің көмекшісі әрі қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдау кезінде Н.Назарбаев Ә.Исекешевке қауіпсіздік кеңесі туралы айтып, құқық қорғау жүйесіндегі реформаны аяқтауды тапсырған.

«Қауіпсіздік кеңесі өте маңызды мемлекеттік орган. Кеңес елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін сараптайды, қаралатын мәселелерді ұсынады. Оған құқық қорғау саласының жұмысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шетелдермен байланыс және қорғаныс мәселелері кіреді. Сондай-ақ, құқық қорғау жүйесіндегі реформаға назар аударып, оны аяғына жеткізу керек», – деген Назарбаев.

Ал Исекешев болса, Назарбаевты елдегі қазіргі жағдайдан құлағдар етіп, биылғы жұмыс жоспар туралы ақпарат берген. 

Кездесуде Назарбаев Исекешевке бірқатар нақты тапсырмалар берген.

16 қаңтарда президент Қ.Тоқаев Әсет Исекешевті Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы етіп тағайындаған еді. Оған дейін ол елбасы қорын басқарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.