Сағынтаев: Биыл тағы 360-тан астам «Сергек» камералары қойылады.
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев биыл қалаға тағы 360-тан астам «Сергек» камералары қойылатынын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Қалада жаңа жылдан бастап аппаратты-бағдарламалы «Сергек» кешенінің 400 постысы жұмыс жасай бастады. Алғашқы 22 күн ішінде олар 4,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын тіркеген. Нәтижесінде осы күндер ішінде ЖКО 11,6%-ға төмендеген.
Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс 38%-ға қысқарған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады, оның ішінде жолдар мен қалалықтар көп жиналатын жерлерде видеобақылау мониторингінің жүйесі кеңінен қолданылатын болады.
Ағымдағы жылы «Сергектің» қосымша 360-тан астам постысын орнатуды жоспарлаудамыз. Әр жыл сайын қоғамдық тәртіптің бұзылуын қадағалайтын автоматты видеобақылау жүйесінің үлесі артатын болады», -дейді Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.