31-01-20 |
2510 рет қаралған
Алматы әкімдігі 14 миллион теңгеге блогерлер жиынын өткізеді.
Алматы әкімдігі 14 миллион теңгеге блогерлер жиынын өткізеді

Алматы қаласы әкімшілігі 14 642 857 теңге блогерлер жиынын өткізеді. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бұл туралы ҚазТАГ жазады. 

«Блогерлердің үлкен шоуы» деп аталатын жиынға кемі 100 адам қатысады. Шара мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асып, мемлекеттік сатып алу порталында конкурс арқылы өтеді. Сөйтіп, тапсырыс алушы әкімдіктің 14 миллионға жасамақ болып отырған шоуын ұйымдастырып береді.

Бұған дейін Алматы әкімдігі блогерлер жиынын 814 миллион теңгеге өткізеді деген ақпарат шығып, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен. Ал қалалық қоғамдық даму басқармасының ҚазТАГ-қа берген жауабында дау болған сумма тапсырысты порталға орналастыру кезінде кеткен қателіктен болғанын, яғни 14 санының алдында 8 жазылып кеткен деп түсіндіріпті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.