31-01-20 |
990 рет қаралған
Асқар Мәминнің арманы орындала ма?.
Асқар Мәминнің арманы орындала ма?

 Алматыда Digital Almaty форумы өтіп жатыр. Оған еуразия экономикалық одағына мүше бес елдің премьер-министрлері қатысуда. Артық адам жоқ, тек шақырумен ғана кіргізілген пленарлық отырыста Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мәмин сөз алып, жасанды интеллект туралы білгенін айтыпты.

IT-индустрия саласының дамуына көп көңіл бөлініп отырғанын сөз еткен премьер-министр: «2050 жылға қарай Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруі туралы біздің ұзақ мерзімді мақсатымызды орындау үшін біз экономиканың жыл сайын орташа есеппен 5-6% дамуын алдымызға тапсырма етіп қойып келеміз. Бұл дамудың көп бөлігі жоғарғы еңбек өнімділігі. Дәл осы жерде жасанды интеллекттің үлкен мүмкіндігі бар» депті. Премьер-министр айтса, бірдеме біліп айтатын шығар. Бірақ билік ауысқалы бері «дамыған отыз елдің қатарына кіру» дейтін ұран айтылмай кетіп еді. Міне, ұмытыла бастаған ұранды Мәмин қайта көтерді. Биліктің «дамыған отыз елдің қатарына кіру» дейтін арманы жоғалмапты, бар екен!

Десе де Асқар Мәминнің экономиканың жыл сайынғы дамуы туралы сандарында сәл айырмашылық бар. Мәселен, осыдан бір айы бұрын желтоқсанның 18-де өткен Digital Samruk 2019 конференциясында ол: «Биыл Қазақстан экономикасы 4,4% даму көрсеткішімен тұр. Бұл соңғы 6 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. 2019 жылдың қортындысында өсім 4,4% кем болмайтынына сенімдіміз» деген еді. Енді премьер-министрдің экономика өсімі жөніндегі сандарын салыстырайық.

Бүгінгі сөзі: «2050 жылға қарай Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруі туралы біздің ұзақ мерзімді мақсатымызды орындау үшін біз экономиканың жыл сайын орташа есеппен 5-6% дамуын алдымызға тапсырма етіп қойып келеміз»

2019 жылдың 18 желтоқсандағы  сөзі: «Биыл Қазақстан экономикасы 4,4% даму көрсеткішімен тұр. Бұл соңғы 6 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. 2019 жылдың қортындысында өсім 4,4% кем болмайтынына сенімдіміз».

2019 жылдың экономикалық даму көрсеткіші 4,4% әрі ол соңғы 6 жылдағы ең үлкен көрсеткіш болса, дамыған елу елдің қатарына қосылу туралы ұзақ мерзімді мақсат үшін қажетті экономиканың даму көрсеткішінің орташа есеппен 5-6%  межесін үкімет қатарына алты жыл орындай алмаған. Сондықтан Асқар Мәминнің дамыған отыз елдің қатарына кіру арманы орындалмай ма деп қорқамыз. Отыз ел былай тұрыпы, премьер-министрдің «ұзақ мерзімді мақсатымызды орындау үшін біз экономиканың жыл сайын орташа есеппен 5-6% дамуын алдымызға тапсырма етіп қойып келеміз» дегеніндегі тапсырманы өзі орындалмай келе жатқанын сандар айтып тұр. Ендеше, Асқар Мәмин неге жоқ нәрсені сөз етіп, өз-өзін алдап отыр? Ұзақ мерзімді мақсатты қойып, үкімет алдына қойған тапсырманы орындай алмай отырғанда дамыған отыз елді армандау қисынсыздау нәрсе…

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.