18-02-20 |
2340 рет қаралған
Ислам Әбішев пара алуға оқталғаны үшін бес жылға сотталды.
Ислам Әбішев пара алуға оқталғаны үшін бес жылға сотталды

Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев пен дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бұрынғы вице-президенті Серік Түкиевке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Нұр-Cұлтан қалалық соты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ислам Әбішев қорқытып алу жолымен 60 000 000 теңгеден аса сомада пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығын айырылды. Ал Серік Түкиев Әбішевтің пайдасына 10 000 000 теңге сомада пара алуға жәрдемдескені үшін кінәлі деп танылып 4 жылға сотталды.

Сондай-ақ «екі сотталушы да өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ» делінген соттың хабарламасында. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.