Фото: «Абылай хан» кешенінің болжамды бейнесі
Ақмола облысына қарасты Бурабай демалыс аймағындағы Кенесары ауылында Абылай ханның алып ескерткіші орнатылмақ. Бұл туралы қоғам қайраткері Арман Шораев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Кешен «Абылай Хан» монументі деп аталады, биіктігі 54 метр. Абылай ханның тақта отырған келбеті суреттеледі. Ханның асатяғына жедел саты орнатылады, келушілер сол арқылы 20 қабаттық биіктікке көтеріліп айналаны тамашалай алады.
Сондай – ақ, кешен құрамында қазақ халқының хандық дәуірін суреттейтін мұражай, кітапхана, демалушыларға қажетті әлеуметтік нысандар ұйымдастырылатын болады. Бұл халықтық жоба, сол үшін де бастамашы топ жалпы халықты осы жобаға үлес қосуға шақырады.
Жобаны іске асыратын сәулетші, дизайнер, суретші, инженер, құрылысшы мамандар арасында халықаралық ашық конкурс жарияланды. Яғни, Абылай хан кешенінің сызбалық нұсқасын жасауға әлемнің кез келген елінен үміткерлер қатыса алады.
Конкурс 1 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтеді. Биыл 7 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстанның қарулы күштері әскери-тарихи мұражайында комиссиясы конкурсқа келіп түскен үздік 5 жобаны анықтайды. Ұйымдастырушылардың қаржыландыруымен іріктелген 5 жобаның сызбалық нұсқасы жасалады. Үздік 5 макеттің арасынан сәулеті мен тиімділігі жоғары саналған автордың жұмысын комиссия мақұлдайды.
Абылай ханға арнап алып ескерткіш және кешен соғуды былтыры Арман Шораев көтеріп, ескерткіштің бейнесін де жариялаған еді. Кейін бұл ұсынысын президент Тоқаевқа кіргізіп, идеяны президент те қолдаған.
Мұндай алып ескерткіш Монғолияда Шыңғыс ханға орнатылған. Ол ескерткіш кешенді Монғолияның қазіргі президенті, кәсіпкер Халтмаагийн Баттулга салдырған.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024