Алматыда коронавирус жұқтырған адам кейпіне еніп, жөтеліп метро жолаушыларының арасында жүріп инфекцияны қылжаққа айналдырып, жұрттың үрейін алған жас жігітті полиция ұстады. Ол әкімшілік жазаға тартылып, сот шешімімен он күнге қамауға алынды.
«Хайп үшін мораль, этиканың бәріне пысқырмаған жас жігітті полиция қызметкерлері ұстады. Ол ұсақ бұзақылық бабымен Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен он күнге қамалды» деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сот алдында жас жігіт жасаған әрекетіне өкініп, кешірім сұраған.
Кеше президент Қ.Тоқаев коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасап, арандатушылар жазаланады деген еді.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024