17-03-20 |
1420 рет қаралған
Қазақстандық құрылыс компаниясы коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге 100 млн тг бөлді.
Қазақстандық құрылыс компаниясы коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге 100 млн тг бөлді

Қазақстандық Bi Group құрылыс компаниясы  елімізде коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 100 млн тг бөлді. Бұл туралы компанияның президенті Айдын Рахымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қиындық туғанда бірге алатын қазақтың қанында ғой. Ортақтасып, күш салсақ, бұл дертті де жеңе аламыз деп ойлаймын! Сіздерге сенеміз, істеріңізге сәттілік, достар!» -деп жазады компания басшысы.

Айдын Рахымбаев «Halyk Bank» -тің бастамасын қолдағанын жазыпты. Айта кетейік, бұған дейін «Halyk Bank» коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 100 млн тг бөлген. Осы банктің бір қызметкері коронавирус жұқтырған деген ақпарат тараған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.