23-03-20 |
1120 рет қаралған
Бір жыл бұрын Астана Нұр-Сұлтан болып өзгерді.
Бір жыл бұрын Астана Нұр-Сұлтан болып өзгерді

2019 жылдың 23 наурызында президент Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде жарлыққа қол қойды. Бүгін Астана атауының өзгергеніне бір жыл толды.

Былтыры 19 наурызда Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Н.Назарбаев өз еркімен президен қызметінен кетіп, орнына сол кездегі сенат төрағасы Қ.Тоқаев уақытша президент қызметін атқаруға кірісті. 

Билік ауысуына байланысты өткен парламенттің бірлескен отырысы кезінде Тоқаев Астананы экс-президент Н.Назарбаевтың атына беру туралы бастама көтерді. Бұл бастаманы Астана қалалық мәслихаты бірден қолдады.

Астана атауының өзгеруі қоғамның қарсылығына тап болды. Бірақ билік шешімін өзгерткен жоқ.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.