Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді.
Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді:
– орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
– жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);
– жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);
– бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – БЖТ).
Енді оларға:
– азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша кіріс алатын адамдар (бұдан әрі – АҚК), мәні жұмыстарды орындау болып табылатын (қызметтер көрсету), салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтар кіреді.
– карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
Екінші. ТЖ байланысты табысты жоғалту фактісін растайтын құжаттарды ұсыну қажеттілігі жойылды.
Бұрын әлеуметтік төлемдер туралы өтінішті жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін, ЖК, ЖП және БЖТ төлеушілер – өздері бере алатын. Сонымен бірге, жұмыс берушілер төтенше жағдай кезінде қызметті шектеуге байланысты өз қызметкерлерінің табысын жоғалтуын растайтын құжаттарды, қызметкерлердің тізімін және қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірмені ұсынуы керек еді.
Енді төтенше жағдай салдарынан кірісті жоғалту фактісін растайтын құжаттарды ұсынуға қойылатын талаптар алынып тасталды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:
– жұмыс берушілер өтінішті тек қызметкерлердің тізімін қоса бере алады;
– ЖК, ЖП, АҚК және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.
Сондай-ақ, қызметкер жұмыс берушіні күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады.
Сонымен бірге барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактісінің дұрыстығы үшін өзіне жауапкершілік алады.
Өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық форматта беріледі.
Үшінші. Төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қажетті қатысу мерзімі қысқартылды.
Бұрын төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесінде соңғы 12 ай ішінде кем дегенде 3 ай қатысу талап етілетін.
Енді, егер қызметкер (ЖК және ЖП дербес) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚК үшін – БЖЗҚ-ға жарналар) соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасаған болса, әлеуметтік төлемдер тағайындауға жеткілікті.
МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемді тағайындауға үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ, бұл автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тексереді.
Төртінші. Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі 7-ден 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024