Бүгін Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетова Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында дәрігерлер коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлады.
Инфекция жұқтырған дәрігерлер 2 млн теңге көлемінде бір реттік көмек алады. Бұл 30 наурызда өткен президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында айтылған еді.
“Медициналық қызметкер коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайды” деп хабарлаған еді үкіметтің баспасөз қызметі.
Сол отырыста үкімет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырған.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024