09-04-20 |
1940 рет қаралған
Қазақ жері: Үкімет даулы қаулысын қайтарып алды.
Қазақ жері: Үкімет даулы қаулысын қайтарып алды

7 сәуірде үкімет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қатысатын кәсіпорындарға жер учаскелерін өтеусіз, тегін беру туралы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарған еді.

Қаулы жобаға экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан қарсы шығып, «Жер қорғаны» қозғалысын құруға және соған қосылуға шақырып, сол арқылы үкіметтің жерге қатысты саясатын қатаң халық бақылауына алуға шақырған.

Бүгін, 9 сәуірде үкімет даулы қаулыны қайтарып, оны қоғамдық талқылаудан алып тастағанын хабарлады.

«Бүгінгі таңда аталған қаулы жобасын талқылау барысында мемлекеттік органдар мен аккредиттелген қауымдастықтардан ҚР Үкіметінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қатысатын кәсіпорындарға жер учаскелерін беру құзыреті жоқтығы бөлігінде ескертулер жасалды.

Осылайша ҚР Үкіметі қаулысының жобасы аталған ескертулерді ескере отырып талқылаудан және одан әрі қараудан алынды» делінген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламады.

Бұған дейін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы жалпыхалықтық талқылау жүргізу мақсатында egov порталына жүктелді еді.

Аталмыш жобада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 459 қаулысы мен 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын тізбеге енгізу туралы толықтырулар енгізу көзделген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.