24-04-20 |
1300 рет қаралған
42 адамнан коронавирус анықталып, қайтыс болғандар 25 адамға жетті.
42 адамнан коронавирус анықталып, қайтыс болғандар 25 адамға жетті

24 сәуір, кешкі жағдай бойынша 42 адамнан коронавирус анықталып, Маңғыстауда 1980 жылы туған адам инфекциядан көз жұмды.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 сәуірдің 18:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 42 адам Нұр-Сұлтан қ. – 5, Алматы қ. – 23, Жамбыл облысында – 3, Павлодар облысы – 4, Алматы облысы – 3, Ақмола облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 1.

Қазіргі кездегі жалпы жағдайды қарағанда коронавирусқа шалдыққандар саны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 438 адам, Алматы қаласында – 787 адам, Қарағанды облысында – 108 адам, Ақмола облысында – 88 адам, Атырау облысында – 84 адам, Жамбыл облысында – 101 адам, Шымкент қаласында – 139 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 15 адам, Алматы облысында – 72 адам, Ақтөбе облысында – 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 66 адам, Маңғыстау облысында – 20 адам, Қызылорда облысында – 161 адам, Батыс Қазақстан облысында – 93 адам, Түркістан облысында – 81 адам, Қостанай облысында – 38 адам, жалпы 2376 науқас тіркелді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.