30-04-20 |
2840 рет қаралған
Дулат Ағаділдің анасы Тоқаевтан әділдік сұрайды (видео).
Дулат Ағаділдің анасы Тоқаевтан әділдік сұрайды (видео)

Азаматтық белсенді, марқұм Дулат Ағаділдің анасы Гүлбараш Жолмұханбетова президенті Тоқаевқа, жоғарғы соттың төрағасы Асановқа, бас прокурор Нұрдаулетовке видео үндеу жасап, Д.Ағаділдің өліміне қатысты істің әділ әрі ашық жүруіне көмектесулерін сұрады. Жолмұханбетованың видео үндеуі оның адвокаты Айман Омарованың youtobe каналында жарияланды.

Видео үндеуде Жолмұханбетова сотқа сенімсіздігін айтып, баласы Дулат Ағаділдің жүрек талмасынан қайтыс болғанына да сенбеймін дейді.

Дулат Ағаділ ақпан айында Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қайтыс болған еді. Оның өлімі қоғамда үлкен дау туғызды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.