Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана 31 телеарна қызметкері, журналист Ирина Советжанқызының үстінен полицияға арыз жазған. Бұл туралы журналист өзінің facebook парақшасында жазды.
«12-аурухана менің үстімнен полицияға арыз түсіріпті. ФБ да жазған жазбаларым үшін. Орталық клиникалық ауруханадағы алғашқы COVID-19 деректерін анықтағаным үшін, инфекция ошағы ретінде неге жаппайсыздар деп министрді белгілеп, фейсбукке пост салғаным үшін. Мен кімді қорғап, не үшін шырылдадым сонда?» деп жазады Ирина Советжанқызы.
Ирина Советжанқызының айтуынша, Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция басқармасынан хабарласып, 12 сәуір күні facebook әлеуметтік желісіне жарияланған жазбасының орысша аударылған нұсқасын whatsapp мессенджеріне жіберген және инспектор барып, арызбен таныстыратынын айтқан.
Сәуір айында орталық қалалық клиникалық ауруханасы қызметкерлерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, 13 cәуірде аурухананың каратинге жабылғаны хабарланған. Денсаулық сақтау министрлігі орталық қалалық клиникалық ауруханасы қызметкерлерінің коронавирус жұқтыру фактісіне қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024