11-05-20 |
2320 рет қаралған
Тоқаев: Кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей тұр.
Тоқаев: Кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей тұр

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды.
Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.
Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады» – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

11 мамырда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай аяқталды. Алайда карантин шектеулері кейбір аймақтарда алынған жоқ.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.