15-05-20 |
1340 рет қаралған
Бір күнде 118 адамнан коронавирус анықталып, 2 адам көз жұмды.
Бір күнде 118 адамнан коронавирус анықталып, 2 адам көз жұмды

 

Кеше, яғни 14 мамырда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 118 адам тіркелді (өсім қарқыны – 2,1%). Ал 13 мамырдаНұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының кесірінен 2 адам көз жұмған.

Қазақстан бойынша індеттен осымен 34 адам қайтыс болды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 689 адам анықталды.

14 мамырдағы коронавирус жұқтырғандар республикадағы жағдай төмендегідей болған.

Ақтөбе облысында – 29 (15,8%), Қостанай облысында – 4 (5,9%), Қарағанды облысында – 8 (3,9%), Атырау облысында – 17 (3,7%), Ақмола облысында – 4 (3,6%), Батыс Қазақстан облысында – 7 (2,6%), Маңғыстау облысында – 3 (2,2%), Нұр-Сұлтан қ. – 25 (2,2%), Шымкент қ. – 5 (2%), Шығыс Қазақстан облысында – 1 (1,8%), Жамбыл облысында – 2 (1%), Алматы қ. – 11 (0,7%), Алматы облысында – 1 (0,5%), Қызылорда облысында – 1 (0,4%).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.