15-05-20 |
1950 рет қаралған
«Азия Авто» үкімет алдындағы міндетін 5 рет орындамағанын мойындады.
«Азия Авто» үкімет алдындағы міндетін 5 рет орындамағанын мойындады

«Азия Авто» и «Азия Авто Қазақстан» кәсіпорындарының өкілдері үкімет алдындағы міндеттемелерін неге орындай алмағандарын түсіндірді.

«Азия Авто Қазақстанның» бас директоры Ержан Мандиевтің айтуынша, үкімет алдындағы міндеттемелерді орындауға теңгенің құнсыздануы және автонарықтың төрт рет құлдырауы әсер еткен екен. Бұл дағдарыстан шығу баяу жүріпті. Сөйтіп локализация деңгейін 50% жеткізіп, құрастыру және бояу цехын қоспақшы болғанда кәсіпорын жұмыс істеп тұрған банк жабылып қалған. 

Ержан Мандиевтің сөзінше, енді міндеттемелерді орындауға 1,5 керек. Өйткені коронавирус туғызған дағдарыстан шығуға 1,5-2 кетуі мүмкін екен. Сондай-ақ ол карантин аяқталған соң, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі келіссөздерді жалғастырмақ ниетте және екі жақ белгілі бір келісімдерге келеді деген үмітте екен.

Мандиевтің сөзіне қарағанда, үкіметпен келісім жасаған жылдар ішінде кәсіпорын 374 млн АҚШ доллары көлемінде жеңілдік алған. 511 млн АҚШ доллары шамасында салық төлеген. 

Ержан Мандиве үкіметтен алған жеңілдіктен төленген салық 37% көп дейді. Оның сөзінше, егер келіссөздер нәтиже бермесе, көлік бағасы импорт көліктерден де қымбат шығып, бағасы өсуі мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.