21-07-18 |
4340 рет қаралған
Халық Денис Тенмен қоштасуға толассыз ағылып жатыр (видео).
Халық Денис Тенмен қоштасуға толассыз ағылып жатыр (видео)

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйгілі спортшы, Олимпиаданың қола жүлдегері, халықтың сүйікті ұлы Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Спортшыны соңғы сапарға шығару салуға өте көп адам жиналды. Халық легі әлі де толастамай келіп жатыр. Қарапайым алматылықтардан өзге қоштасу рәсіміне белгілі спортшылар Генадий Головкин, Зарина Дияс, Дмитрий Баландин қатарлы атақты спортшылар қатысуда.

Опубликовано Телеканал "Алматы" Пятница, 20 июля 2018 г.

Қаралы жиыннан «Алматы» арнасының тікелей эфирі

Спорт сарайындағы қаралы жиынға келушілер Денистің суретіне қарап, көз жастарына ерік беріп, жылап шығуда. Алматыда күн ыстық болғандықтан спорт сарайының маңына жедел көліктері де әкелінген. Адамдардың легі-легімен екі есіктен кіріп-шығуына волонтерлар көмектесуде.

Денис Тен 19 шілде күні күндіз машина айнасын ұрлаумен айналысып келген ұрлықшылардың қолынан қаза болған еді. Қазіргі уақытта спортшының өліміне күдікті делініп Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов жедел іздестіру шарасы барысында қолға түскен еді.

Денис Теннің қазасы халықты қатты толқытып, әлеуметтік желілерде ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың доғарысқа (отставка) кетуін талап етіп жатыр.

Бұған дейін президент Н.Назарбаев спортшының отбасына көңіл айтып, ішкі істер министрі Қ.Қасымов пен бас прокурор Қ.Қожамжаровқа спортшының өліміне қатысты істі қатаң бақылауда ұстауды тапсырған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.