19-05-20 |
1210 рет қаралған
Көлгінов: Босаңсып кетсек қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз мүмкін.
Көлгінов: Босаңсып кетсек қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз мүмкін

Фото:Sputnik. Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов тұрғындардың тым босаңсып кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желіде жазба қалтырды. Ол қала тұрғандары тәртіпке бағынбаса қатаң режимдегі карантин қайта енгізілетінін ескертті.

«Бүгін қаламыздың қос жағалауын жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағаладым.

Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік.

Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын», -дейді Алтай Көлгінов.

View this post on Instagram

Бүгін қаламыздың қос жағалауын жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағаладым. Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік. Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын. _______ Сегодня во время пешего обхода проконтролировал ход строительства дорог и проводимые работы по благоустройству города. Заметил, что на улице много людей. Некоторые жители ходят без масок, не соблюдают дистанцию, нарушают правила безопасности. Хотелось бы отметить, окончание режима ЧП не означает, что режим карантина также завершён. Риски распространения коронавируса все ещё сохраняются. За нарушение санитарных норм мы закрыли ряд объектов, в том числе стройкомпании, кафе, рестораны. Также усилили правила пользования общественным транспортом. Без масок запрещено заходить в общественный транспорт. В случае, если также будем жить в «расслабленном режиме», то мы можем вернуться в прежний режим строгого карантина. Призываю каждого жителя отнестись к сложившейся ситуации с полной ответственностью и пониманием.

A post shared by Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official) on

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.