29-05-20 |
1890 рет қаралған
Статистика: Қазақстанда бір жылда 59,8 мың отбасы ажырасты.
Статистика: Қазақстанда бір жылда 59,8 мың отбасы ажырасты

2019 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда тіркелген ажырасулар саны 9,1% артып, 59,8 мыңды құрады деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.

2019 жылы қиылған некелердің саны 2018-ге қарағанда 1,2% көп, олар 139,5 мыңды құрады. Оның ішінде 98,2 мың немесе 70,4 пайыз неке қалаларда, 41,3 мың неке немесе 29,6 пайызы ауылдық жерлерде тіркелген. 84,2 пайызы – моноэтникалық; 15,8 пайызы этносаралық некелер болды.

Бірінші рет отбасын құрған: ерлер – 81,8 пайыз; әйелдер – 83,6 пайыз.

Қарым-қатынасын заңдастырғандардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Ең азы – Солтүстік Қазақстан облысында.

2019 жылы отбасын құруды шешкендердің орташа жасы: ерлерде – 27,6 жас; әйелдерде 25 жас.

Әйелдердің 42,9 пайызы 20-24 жасында тұрмыс құрады екен. Ерлердің 35,6 пайызы 25-29 жасында үйленеді.

2019 жылы Қазақстанда ажырасулар саны 2018 жылдан 9,1% артып, 59,8 мыңды құраған.

26,3 пайызы немесе 15,7 мың жұп ауылдарда ажырасқан. Қаладағы көрсеткіш – 73,7 пайыз немесе 44,1 мыңды құрады.

Заңды қарым-қатынасты үзгендердің ең көп саны Павлодар облысында тіркелді, ең азы – Түркістан облысында.

Бірінші некені бұзған жұбайлардың орташа жасы: ерлерде 37,9 жас, әйелдерде 34,8 жас.

Ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылар арасында ажырасу жиі болады – 40,3 пайыз. Бір ортақ баласы барлар – 30 пайыз, екі және одан да көп балалары барлар – 29,7 пайыз.

Былтыр некені ең көп бұзу 5-9 жыл отауласқандар арасында тіркелген – 27,7 пайыз.

Ажырасулардың

  • 21,7 пайыз – бір шаңырақ астында 2-4 жыл тұрғандар;
  • 16,6 пайызы – 10-14 жыл;
  • 13,7 пайызы – 20 жыл және одан жоғары;
  • 8,2 пайызы – 15-19 жыл;
  • 7,5 пайызы – 1 жыл;
  • 4,6 пайызы – отауласқанына 1 жыл толмаған жұптар.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.