11-06-20 |
4100 рет қаралған
«Жала жабу» туралы бап қылмыстық кодекстен алынады.
«Жала жабу» туралы бап қылмыстық кодекстен алынады

фото: baribar.kz

Қылмыстық кодекстің 130 бабы (жала жабу) қылмыстық кодекстен алынады. Мұндай өзгеріс парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енген өзгерістерде енгізілді. Жала жабу қылмыстық кодекстен алынып, әкімшілік кодекске ауыстырылады.

Заңға енген өзгерістер мен толықтыруларды сенат депутаттары мақұлдады.

Былтырғы президент сайлауынан кейін құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент Қ.Тоқаев: «»Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмысқа жатқызбай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстыру туралы шешім шығардым» деген еді.

Қазір қолданыстағы қылмыстық кодекстің 130 бабы:

1. Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату –

      бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –

      екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –

      үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Енді заңға енген өзгерістерге орай бұл бап қылмыстық кодекстен алынып, әкімшілік кодекске ауыстырылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.