13-06-20 |
2240 рет қаралған
Үкімет коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салуда.
Үкімет коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салуда

фото: primeminister.kz

Үкімет Жамбыл облысында құрылысы басталған жаңа зауыттан коронавирусқа қарсы вакцина шығармақшы. Қазіргі таңда Қазақстан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатқан көрінеді.

12 мамыр премьер- министр Асқар Мамин Жамбыл облысында  Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентіне барып, биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді.

Сондай-ақ жаңа зауыттан пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылмақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.