15-06-20 |
2670 рет қаралған
COVID-19: Баянауылдағы демалыс үйлері мен жағажайлар белгісіз уақыт жабық болады.
COVID-19: Баянауылдағы демалыс үйлері мен жағажайлар белгісіз уақыт жабық болады

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Баянауылдағы демалыс үйлері мен жағажайлар 16 маусымда жабылады да, қашан ашылатыны белгісіз. Бұл туралы Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов мәлімдеді.

«Баянауыл ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, 16 маусым сағат 00.00 бастап Баянауыл демалыс аймағындағы Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Біржанкөл көлдерінің жағажайлары мен көл маңындағы демалыс үйлері  санитарлық-эпидемиологиялық жағдай түзелгенше жабық болады», – деді Қанат Кәрімов.

Әкім инфекция қауіпін күшейтпес үшін талап-ережелерді сақтауға шақырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.