06-08-18 |
17110 рет қаралған
Павлодарда екі ауданның аты қазақшаланды.
Павлодарда екі ауданның аты қазақшаланды

Павлодарда екі ауданның аты қазақашаланды. Качир – Тереңкөл, Лебяжі – Аққулы болып өзгерді. Аймақтағы аудан атауларын өзгерту туралы жарлыққа президент Н.Назарбаев бүгін қол қойды.

Павлодар, Петропавел сынды облыс атауларын өзгерту ұзақ жылдардан бері арагідік қоғамдық талқылауға негіз болып келе жатқаны мәлім. Десе де аталған аймақтардағы ауыл-аудан, көше атауларын ауыстыру ісі басталып та кетті. Мәселен, жоғарыдағы екі ауданның атын өзгерту туралы ұсынысты былтыры облыстық мәслихат көтерген еді. Ол ашық үкімет платформасында тұрғындардың талқылауына түсіп, бүгін ресми жарлықпен іске асты. Ал облыс атауы қашан өзгертетіні әзірге белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.