29-06-20 |
1400 рет қаралған
Биыл «Нұр Отан» партиясына бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді.
Биыл «Нұр Отан» партиясына бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді

Фото: Елбасының ресми сайтынан алынды

2020 жылы «Нұр Отан» партиясына бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді дейді бұрын бірқатар мемлекеттік қызметтерде істеген Санжар Боқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Нақтырақ айтсақ, «Нұр Отан» партиясына бюджеттен 7 884 247 ‪675 теңге бөліген, ал ҚХКП — ‪684 831 825 теңге, «Ақ Жол» партиясына — ‪689 017 650 теңге бөлінген деп жазады.

Боқаевтың жазуынша соңғы екі партия тіпті қарждылық есептерін жарияламайды, өз сайтында тек қана «Нұр Отан» партиясы мұндай есебін көрсеткен.

Ол: «Саяси партиялар қандай маңызды және пайдалы іс атқарып жатыр?  Пандемия кезінде партия атынан дәрі-дәрмек бағасын қадағалау ұйымдастыра алмады ма? Мұндай қаражатпен қоғамға қаншама пайдалы іс атқаруға болатын еді. Бұл ақшалар қайда кетті? Неге Перуашев пен Косарев Парламентте бюджеттің ашықтығы туралы айқайлайды да, өздері қаржылық есептерін жасырады?» -деген сияқты бірқатар сұрақтар қойып, партиялар осы қаражаттың жартысын болса да қайтарып, коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге берсін деген ұсыныс айтыпты.

«Саяси партиялар» туралы заңның 12 бабына сәйкес партиялардың қаржылық іс-қимылын тексеру керек деп отыр автор.

Санжар Боқаев партиялардың бюджетін қалай есептегенін айтыпты:

«Бюджет қаражатының мөлшері өткен сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде ұсынылған саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген сайлаушының әрбір дауысы үшін ең төменгі жалақының үш проценті ескеріле отырып, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңмен айқындалады.
2020 жылы ең төменгі айлық есептік көрсеткіш 42 500 тг, яғни бұдан 3% – 1275 тг құрайды. Мұны партия үшін өткен сайлауда дауыс берген сайлаушылар санына көбейтеміз де тиісті қаражатты шығарамыз.
ҚР ОСК деректері бойынша «Нұр Отан» – 6 183 757  дауыс жинаған. Мұны 1275 теңгеге көбейтіп, ‪7 884 247‬ ‪675‬ теңге шығады.
ҚХКП үшін 537 123 адам дауыс берген, яғни бұл партияға мемлекеттік қолдау ‪684 831 825 ‬теңгені құрады.
«Ақ Жол» партиясы 540 406 сайлаушылар дауысын жинап, ‪689 017 650 ‬тг мемлекеттен қаражат алды» деп жазады Санжар Боқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Санжар Боқаев өзі де бұрын «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалында қызмет істеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.