01-07-20 |
3010 рет қаралған
Әртістер елді Астана күнімен құттықтауды бастап кетті.
Әртістер елді Астана күнімен құттықтауды бастап кетті

Тұрсынбек Қабатов, Ержан Максим, Динара Сәтжан және Азат Абыкен 6 шілде – Астана күніне орай бейне жазбалар жолдады. Жұлдыздар өз үндеулерінде Қазақстанның астанасы туралы қызықты деректер келтірді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«2016 жылдың 4 шілдесінде елордамыздың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Қызымыздың есімін Саида деп атадық. Бүгін, 2020 жылы Нұр-Сұлтан халқының саны 1 млн 200 мың адамды құрайды. Жыл сайын біз көбейіп келе жатырмыз. Астана күні құтты болсын!»,- дейді журналист, тележүргізуші, fashion-продюсер Динара Сәтжан.

Әнші, «Голос. Дети» конкурсының жеңімпазы Ержан Максим өзінің бейне құттықтауында қызықты деректерді келтірді. «Елорданың ең ұзын көшесі – Қабанбай батыр даңғылы. Оның ұзындығы 16 километр. Ол Нью-Йорктегі Авеню паркінен екі есе ұзын. Таза ауада жиі серуендеңіз! Аман болыңыз! Туған күніңмен, сүйікті қалам!» – деді Ержан Максим.

Қазақстан астанасында 5 жыл бұрын дайындалған қазақтың ет тағамы Гиннесс рекордтар кітабына енді. «2015 жылы елордада салмағы 136,5 килограмм ет дайындалды. Оған 800 кг ет, 14 қап пияз, 300 кг ұн жұмсалды», – деді танымал жүргізуші Тұрсынбек Қабатов.

Продюсер, жүргізуші, музыкант Азат Әбікен Ұлттық кітапхана туралы айтып берді. «Астананың сол жағалауында орналасқан ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2,5 миллион кітап сақтаулы. Көбірек кітап оқыңыз, әлемдегі ең әдемі қалада рухани өркендеңіз. Нұр-Сұлтан қаласы, туған күніңмен!», – дейді Абыкен.

Жұлдыздар өз бейнежазбаларында тұрғындарды карантин режимі мен санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. 6 шілдеде мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.