фото: А.Жұмағұлов (сол жақта) Б.Шәріп (оң жақта)
Міндетті әлеуметтік мединицалық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен «СК-Фармация» басқарма төрағасы Берік Шәріп қызметтерінен кетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған басшылардың қызметтен кету туралы өтініштеріне денсаулық сақтау министрі қол қойған.
⠀
«Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша «СК-Фармация» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Б.Ш. Шәріп қызметінен босатылды.
⠀
Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды» делінген министрлік таратқан ақпаратта.
⠀
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев аталған мекеме басшыларын жұмыстан босатып, қызметтеріне тексеру жасау керектігі туралы айтқан еді.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024